Северо-Казахстанский областной музей изобразительных искусств

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Погода

Главная » 2019 » Июнь » 5 » Өткен күннің бейнелері / Образы прошлого
10:42
Өткен күннің бейнелері / Образы прошлого

Жас суретшілердің шығармашылық әлеуеттерін дамыту және қолдау мақсатында, сонымен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Жастар Жылы аясында  Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі Қала күніне арналған «Өткен күннің бейнелері» атты (Петропавл қ. көне сәулеті) кескіндеме туындыларының байқауын өткізеді.
Байқауға қатысуға екі жас аралығы санатында қатысушылар шақырылады:
А) 17-ден бастап 25-ке дейін,
Б) 26-дан бастап 35-ке дейін.

Байқауға қатысу өтінімдері Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі 2019 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымға дейін музейдің muzey-izo@mail.ru электрондық поштасына немесе Петропавл қ. 314-ші Атқыштар дивизиясы 83-ші үй мекен-жайы бойынша қабылдайды.      Анықтамалар үшін телефондар:
8 7152 33-56-46; 8 7152 39-76-60.

Байқау Ережесімен ........ музейдің сайтында танысуға болады.

 

В целях развития и поддержки творческого потенциала молодых художников  Северо-Казахстанский областной музей изобразительных искусств в рамках реализации программы «Рухани Жаңғыру» и Года Молодежи проводит конкурс произведений живописи «Образы прошлого» (Старинная архитектура  г. Петропавловска), посвященный Дню города.
К участию в конкурсе приглашаются участники в двух возрастных категориях:
А) от 17 лет до 25 лет,
Б)  от 26 лет до 35 лет.

Заявки на участие в конкурсе принимаются Северо-Казахстанским областным музеем изобразительных искусств  с 10 по 30 июня 2019 года на электронный адрес музея muzey-izo@mail.ru или по адресу г. Петропавловск, ул. 314-й Стрелковой дивизии, 83. Телефон для справок -  8 (7152) 33-56-46, 8 (7152) 39-76-60

С Положением конкурса можно ознакомиться на сайте музея:

 

«Бекітемін»

Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама

Басқармасы басшысының м.а.

___________________Д.Н. Әбдріисов

 

 

 

Қала күніне арналған «Өткен күннің бейнелері» атты (Петропавл қ.

көне сәулеті) кескіндеме туындыларының облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

            «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Жастар Жылы аясында  Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі Қала күніне арналған «Өткен күннің бейнелері» атты (Петропавл қ. көне сәулеті) кескіндеме туындыларының байқауын өткізеді.

 

            Мақсаттары мен міндеттері:

Жас суретшілердің шығармашылық әлеуеттерін дамыту және қолдау. Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы – Петропавл қ. тарихын зерттеу.

 

Байқауды өткізудін негізгі шарттары мен талаптары:

 

  1. Байқауға қатысуға екі жас аралығы санатында қатысушылар шақырылады:

А) 17-ден бастап 25-ке дейін,

Б) 26-дан бастап 35-ке дейін.

 

  1. Шығармашылық туындыны орындау техникасы – кескіндеме (кенеп/майлы бояу), жұмыстың форматы кемінде 50*60см болуы тиіс.
    1. Жұмыс ұқыпты (қандай да бір кемшіліксіз) орындалуы тиіс, рамаға орнатылған, эстетикалық, толық аяқталған түрде болуы тиіс.
    2. Шығармашылық туынды авторлық болуы керек, ойластырылған сюжеті бар, жоғары көркемдік деңгейде орындалған (бұған дейін танымал картиналарды қайталаусыз).
    3. Туындыға белгі қойылуы тиіс: кенептің сыртқы жағында жұмыстың аталуы, орындалған жылы, техника (к.,м.б; к.,акр.; к.,темп.), автордың тегі мен аты-жөні.
    4. Туындымен бірге міндетті түрде баспа түрінде кенепте бейнеленген ғимараттың (сәулет құрылысының) тарихы жайында баяндайтын аңдатпа және туындыны жасау кезеңдерінің қысқаша сипаттамасы ұсынылуы тиіс.

 

  1. Жүлделі орынға ие болған авторлардың туындылары «Музейге тарту» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің қорында қалады.
  2. Осы Ереженің №1-қосымшасына қатаң сәйкестікте баспа нұсқасында құрастырылған байқауға қатысу өтінімдері Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейімен 2019 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымға дейін музейдің muzey-izo@mail.ru электрондық поштасына немесе Петропавл қ. 314-ші Атқыштар дивизиясы 83-ші үй мекен-жайы бойынша қабылданады. Анықтамалар үшін телефондар: 8 7152 33-56-46; 8 7152 39-76-60.
  3. Дайын жұмыстар Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейіне 2019 жылдың 03 шілдесінен кешіктірілместен Петропавл қ. 314-ші Атқыштар дивизиясы 83-ші үй мекен-жайы бойынша жеткізіледі.

 

  1. Байқау қорытындысы 2019 жылдың 05 шілдесінде шығарылады.
    1. Байқаудың жеңімпаздары қазылар алқасының ашық отырысында дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпаздар қазылар алқасы мүшелерінің әр жас аралығындағы санаты бойынша дауыстарының қосындысы бойынша анықталады.
    2. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийлері:
  • Байқаудың тақырыбына сәйкес келуі;
  • жалпы қабылдануы;
  • туындының көркемдік деңгейі;
  • идеяның бірегейлігі мен жұмыстың мазмұндылығы;
  • орындау техникасы мен сапасы.

 

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша көрме және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылдың 14 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде өтеді. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады, жүлделі орындар бойынша жеңімпаздар аталып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

№1-қосымша

 

«Өткен күннің бейнелері» атты кескіндеме байқауына

қатысу туралы өтінім

Қатысушының Т.А.Ә.

 

Толық жасы

 

Жұмыстың атауы

 

Орындау техникасы

 

Тұрғылықты мекен-жайы

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық поштасы

 

Оқу орнының/ жұмыс орнының атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 777 | Добавил: defaultNick | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Вход на сайт

Поиск

Мы в социальных сетях

мы в Facebook

Наш инстаграм

Наш YouTube канал

Киелі Қызылжар

Последние новости

[24.09.2019]
В Казахстане стартует общереспубликанская музейная акция «Парад музеев» (0)
[20.06.2019]
Жазға пленэр / Летний пленэр (0)
[19.06.2019]
Өткен күннің бейнелері / Образы прошлого (0)
[05.06.2019]
Өткен күннің бейнелері / Образы прошлого (0)
[14.03.2019]
«Білім және сенім көзі» / «Источник знаний и веры» (0)

Полезное

Друзья сайта

  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Областной историко-краеведческий музей